21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-03/157

307 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Аң аулау қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Аң аулау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі ____________ А.Сәрінжіпов 2015 жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі ____________ Қ.Қасымов 2015 жылғы 10 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы_27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау; 2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау; 3) ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау. 3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) кәсiпшiлiк аң аулау; 2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау. 4. Заңның 33-бабына сәйкес аң аулау құқығына: 1) егер аң аулау «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының қағидаларына 12-қосымшада көзделген нысан бойынша ішкі істер органдары берген жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оған патрондарды сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге рұқсат (бұдан әрі – жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оған патрондарды сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге рұқсат) болған жағдайда аңшылық атыс қаруын қолданып жүргізілсе, он сегіз жасқа толған; 2) егер аң аулау осы Қағидаларда рұқсат етілген басқа олжалау құралдарын, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргізілсе, он төрт жасқа толған; 3) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 тіркелген) бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігі (бұдан әрі – аңшы куәлігі) болған; 4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат) алған жағдайларда жеке тұлғалар ие болады. Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шарттың және тұрып жатқан елінде берілген олардың аң аулау құқығын растайтын құжатттың және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алудың, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдары берген рұқсаттың негізінде туындайды. 5. Аңшылық олжаларын жинау мақсатында жануарлар дүниесінің объектілерін алу кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аң аулау хаттамасы және осы Қағидаларға 2-9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жануарлар түрлеріне олжалау парақтары толтырылады. 6. Аң аулау кезінде аңшылық алқаптарда тұрмыстық және кәсіпшілік қалдықтарымен, тастанды заттармен ластамау бойынша тазалық сақталады. 2. Аң аулауды жүргізу тәртібі 7. Кәсiпшiлiк аң аулау аңшыда мынадай құжаттар: 1) аңшы куәлігі; 2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат; 3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат; 4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10651 тіркелген) бекітілген Аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін алу және тіркеу қағидаларына 2-қосымшада көзделген нысан бойынша аушы жыртқыш құстың паспорты (бұдан әрі – аушы жыртқыш құстың папорты); 5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарт; 6) «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ Оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 тіркелген) 1-қосымшада көзделген нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары; 7) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы) болған кезде жүзеге асырылады. 8. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар: 1) аңшы куәлігі; 2) жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат; 3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары; 4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат; 5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады. Тұяқты жануарлар мен аюды ұжымдық (топтық) әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулау кезiнде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi оның бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, аңшылық субъектісінің жолдамасында белгіленеді. 9. Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің көп аталық түрлерін олжалауға аңшылық шаруашылығында алдамшы үйрек немесе тұлыптар болған жағдайда жол беріледі. 10. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды, ал көктемгі аң аулауда аталық үйректерді, саңырау құр, құр және жылқышы аталықтарын олжалау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшының, ал резервтік қордың алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі. 11. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды, ал көктемгі аң аулауда аталық үйректерді, саңырау құр, құр және жылқышы аталықтарын олжалау туралы белгіні осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тұлғалар, жануарлардың басқа түрлерін тікелей атып алғаннан кейін - күн сайын аң аулау аяқталғаннан кейiн не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатында, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына жасайды. 12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, сұр қарғаларды, қаңғыбас иттерді олжалауға: 1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырғанда; 2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат талап етiлмейдi. 13. Аң аулау: 1) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа); 2) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 мм аспайтын атыс қаруын; 3) құрама атыс қаруын (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде ауыстырылатын және салынатын ұңғылы атыс қаруын; 4) үрлемелі қуаты 25 Дж. аспайтын пневматикалық қаруды; 5) өзі аулайтын құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы); 6) аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргiзiледi. 14. Аңшылық иттерді жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде iздеу және шақыру кезінде аңшы оғы алынып, бөлшектелген аңшылық атыс немесе аңшылық пневатикалық қарумен болады. 15. Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсу және оларды жинап алу аңшылық алқаптарында жараланған жануар бар аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жүзеге асырылады. 16. Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруi кезiнде аңшылық атыс немесе аңшылық пневматикалық қару оғы алынған күйге келтiріледi. Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi. 17. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе Ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі. 18. Заңның 38-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда: 1) аңшы куәлiгiнсiз; 2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстарды қолданып; 4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып; 5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта; 6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында; 7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта; 8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде; 9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды); 10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта; 11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында; 12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда; 14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып; 15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап; 16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып; 17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа); 18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып; 19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып; 20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып; 21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап; 22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда); 23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда; 24) жануарлардың рұқсатта көрсетілген санынан тыс; 25) рұқсатта көрсетілмеген басқа жануарлар түрлерін; 26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз; 27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып; 28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз; 29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз; 30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып; 31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады. 19. Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi (бұдан әрі – аң аулау мерзімдері) белгiленедi. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы, ал өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты көктемгі аң аулаудың басталуын аң аулауды өткізу мерзімі шегінде күнтiзбелiк 15 күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы да шешiм қабылдайды. Аң аулау қағидаларына 1-қосымша Нысан Аң аулау хаттамасы Hunting protokol Аңшының тегі мен аты _____________________________________________ Hunterөs Name Мекенжайы ________________________________________________________ Address 20__жылғы «___»__________ қауіпсіздік техникасымен және аң аулау ережесімен таныстым With the hunting rules and safety precautions is acquainted ______________________________________________________________________________ /Аңшының қолы / /Hunter’s signature/ Аң аулау өткізілетін орын _________________________________________ Hunting area Аң аулауды өткізу уақыты: 20__жылғы «__»________ бастап 20__жылғы «__»________ дейін______ аң аулау күні The hunting time: starting from till days of hunting Аң аулаудың нәтижелері Results of hunting Күні/ Date Ауланған жануар түрі/ Animal’s species» Саны /Quantity Олжаның сапасы (мүйіздерінің, бас сүйегінің, азу тістерінің мөлшері мен салмағы, терісінің көлемі және т.б.) Quality of trophy (dimensions ahd weight of horns, skull, fangs, size of skin, etc) Қазақша In English Осы аң аулау хаттамасымен келісемін және аңшылық шаруашылығы ұйымына шағымым жоқ (бар, олар мынадай)/I agree with this hunting protocol and have no claims to the hunting enterprise (I have, they as follows): __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Аңшы ______________/_________________/ Hunter Аң аулау басшысы ______________/________________/ Hunting manager Аңшының мүддесін білдіретін тұлға________________/__________________/ Hunter’s representative body Аңшылық шаруашылығы субъектісінің басшысы ___________/____________/ Head of hunting enterprise Мөр орыны Аң аулау қағидаларына 2-қосымша Нысан Асканий бұғысының мүйізіне арналған олжалау парағы Аңшы ______________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________(түрі) атып алды Атып алу күні 20___жылғы «___»_________ Атып алу орны (аңшылық шаруашылығы)______________________________ Жануардың жасы/салмағы ___________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Сомасы Орташа мөлшері Коэффи-циент Балл 1. Мүйіздің ұзындығы, сантиметр: оң жақтағы сол жақтағы 2. 1) Көз үстіндегі алғашқы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, сантиметр: оң жақтағы сол жақтағы 2) Көз үстіндегі екінші қосымша бұтақшалардың саны (әр жағынан бір-бірден, дана) 3. Тәж астындағы қосымша бұтақшалардың ұзындығы, сантиметр: оң жақтағы сол жақтағы 4. Ашаның шеңбері: оң жақтағы сол жақтағы 5. Көз үстіндегі қосымша бұтақшалардан жоғары тұрған мүйіз шеңбері: оң жақтағы сол жақтағы 6. Тәжден төмен тұрған мүйіз шеңбері: оң жақтағы сол жақтағы 7. Мүйіздер алшақтығы 8. Мүйіздер салмағы, килограмм 9. Қосымша бұтақшалар саны, дана: оң жақтағы мүйізде сол жақтағы мүйізде 10. Тәж пішіні қарапайым, 12-16 сантиметрден 6 қосымша бұтақша 11. Мүйіздердің түр-түсі ашық 12. Түйіршіктілігі мен ізділігі: ізі ірі, түйіршіктілігі орташа 13. Қосымша бұтақшалар шеттерінің түр-түсі ақ Балдар сомасы Ақаулары үшін шегерім Ақаулар жоқ Түпкілікті бағаcы Аң аулау басшысы __________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін __________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 3-қосымша Нысан Құдыр бас сүйегіне арналған олжалау парағы Аңшы ________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________(түрі) атып алды Атып алу күні 20___жылғы «___»________ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ___________________________ Жануардың жасы/салмағы __________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Балл 1. Бас сүйектің ұзындығы, сантиметр 2. Бас сүйектің ені, сантиметр 3. Азу тістің ұзындығы, сантиметр оң жақтағы сол жақтағы Түпкілікті бағасы Аң аулау басшысы __________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ___________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 4-қосымша Нысан Марал мүйізіне арналған олжалау парағы Аңшы __________________________________________________________________ __________________________________________________________(түрі) атып алды Атып алу күні 20 __жылғы «____»_______ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) __________________ Жануардың жасы/салмағы ___________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Мүйіздердің ішкі алшақтығы Оң жақтағы мүйіз Сол жақтағы мүйіз Балл айырмасы (шегерім) 1. Мүйіздер ұзындығы, сантиметр 2. Бірінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр 3. Екінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр 4. Үшінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр 5. Төртінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр 6. Бесінші қосымша бұтақшаның ұзындығы, сантиметр 7. Бірінші және екінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері 8. Екінші және үшінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері 9. Үшінші және төртінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері 10. Төртінші және бесінші қосымша бұтақшалар арасындағы мүйіз шеңбері 11. Мүйіздердің ішкі алшақтығы Жиыны Балл сомасы Шегерім Түпкілікті бағасы, балл Қосымша көрсеткіштер Оң жақтағы мүйіз Сол жақтағы мүйіз Өлшеу нәтижелері 12. Мүйіздер шеттерінің арасындағы қашықтық, сантиметр 13. Мүйіздердің ең үлкен алшақтығы, сантиметр 14. Қосымша бұтақшалар саны, сантиметр 15. Кемістігі бар барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, сантиметр Аң аулау басшысы ________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін _________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 5-қосымша Нысан Қабанның азу тісіне арналған олжалау парағы Аңшы ________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ _______________________________________(түрі) атып алды. Атып алу күні 20___жылғы «____»_______ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________ Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері, см Сомасы Орташа мөлшері Коэффициент Балл 1. Төменгі азу тістің ұзындығы сантиметр: оң жақтағы сол жақтағы 2. Төменгі азу тістің ені, милиметр: оң жақтағы сол жақтағы 3. Жоғарғы азу тістің шеңбері, сантиметр: оң жақтағы сол жақтағы Балл сомасы Ақаулары үшін шегерім Үстеме Аң аулау басшысы _____________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ______________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 6-қосымша Нысан Сібір елігінің мүйізіне арналған олжалау парағы Аңшы ______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________(түрі) атып алды. Атып алу күні 20___жылғы «____»_______ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________ Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Сомасы Орташа мөлшері Коэффициент Балл 1. Мүйіздің ұзындығы: оң жақтағы сол жақтағы 2. Мүйіздердің алшақтығы 3. Бас сүйегімен құрғақ мүйіздердің салмағы, бас сүйекке шегерім, грамм 4. Мүйіздер көлемі, сантиметр куб 5. Мүйіздердің түр-түсі 6. Төмпешіктігі 7. Ашалар 8. Қосымша бұтақшалардың үшкірлігі Бағалау көрсеткіштері Балл сомасы: Мүйіздің әдемілігі үшін үстеме қосымша бұтақшалардың ассиметриялылығы үшін шегерім Түпкілікті баға Аң аулау басшысы _____________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ______________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 7-қосымша Нысан Бұлан мүйізіне арналған олжалау парағы Аңшы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________(түрі) атып алды. Атып алу күні 20___жылғы «____»_______________ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________ Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Сомасы Орташа көлем Коэффи-циент Балл 1. Мүйіздің шеңбері, сантиметр оң жақтағы сол жақтағы 2. Мүйіздер алшақтығы, сантиметр 3. Күрекшенің ұзындығы, сантиметр оң жақтағы сол жақтағы 4. Күрекшенің ені оң жақтағы сол жақтағы 5. Барлық қосымша бұтақшалардың жалпы ұзындығы, сантиметр 6. Қос мүйіздегі қосымша бұтақшалар саны Балл сомасы Мүйіздердің жуандығы мен әдемілігі үшін үстеме Қосымша бұтақшалардың ұзындығындағы айырма үшін және мүйіздердің ассиметриялылығы үшін шегерім Түпкілікті бағасы Аң аулау басшысы _____________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ______________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 8-қосымша Нысан Сібір тау текесіне арналған олжалау парағы Аңшы ______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________(түрі) атып алды. Атып алу күні 20___жылғы «____»__________________ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________ Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Сомасы Орташа мөлшері Коэффи-циент Балл 1. Мүйіздің ұзындығы, сантиметр оң жақтағы сол жақтағы 2. Мүйіздің шеңбері оң жақтағы сол жақтағы 3. Мүйіздердің алшақтығы, сантиметр Үстемелер: мүйіздердің түр-түсі қоңыр кедір-бұдырлылығы (сақиналар саны) орташа симметриялылығы Түпкілікті бағасы Аң аулау басшысы _____________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ______________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 9-қосымша Нысан Жыртқыш аңдар: қоңыр аю, қасқыр, сілеусінбас сүйектеріне арналған олжалау парағы Аңшы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________(түрі) атып алды. Атып алу күні 20___жылғы «____»_______ Атып алу орыны (аңшылық шаруашылығы) ______________________________ Жануардың жасы/салмағы ____________________________________________ Олжаны бағалау Бағалау көрсеткіштері Өлшеу нәтижелері Балл 1. Бас сүйегінің ұзындығы, сантиметр 2. Бас сүйегінің ені, сантиметр Түпкілікті бағасы Аң аулау басшысы _____________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Мөр орыны Бағамен келісемін ______________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы) Аң аулау қағидаларына 10-қосымша Нысан Ауланған жануарларды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал) ____________________________________________________________________________ (жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы) ____________________________________________________________________________ (бригадирдің, басқа жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Аулаған күні Аңшылық шаруа-шылығының және (немесе) учаскенің атауы Пайдаланылған аулау құрал-дарының түрлері және саны Аңшы-лардың саны Аулау көлемі, дарақ Жануар-лардың түрлері Жіберу күні, жүк құжаты № автокөлік № Аңшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 1 2 3 4 5 6 8 10 Аң аулау қағидаларына 11-қосымша Жануарларды аулауды өткізу мерзiмдерi Жануарлар түрлері Аң аулау мерзiмдерi Су тышқан (ондатра) 1 қазан - 15 ақпан Кәдiмгi тиiн 20 қазан - 15 ақпан Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян) 1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау) Зорман (сары тышқан) ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін Суырлар* 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін Шалшықшылар, жылқышы 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз-30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Бөдене, кептер, түркептер 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша *** (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап) Құр қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша *** (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi Борсық қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан 1 қыркүйек - 31 желтоқсан Сібір елігі 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) Сібір тау ешкісі 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) Саңырау құр 1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi Гималай ұлары, кекiлiк 1 қазан - 15 желтоқсан Құндыз 15 қазан - 31 желтоқсан Қырғауыл 15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап) Ескертпе: * - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа. ** - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер. *** - оңтүстік аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11091 болып енгізілді.